Алматы облысында карантин күшейтілді

17 қазан 15:29 500 рет қаралды

Алматы облысының бас санитар дәрігері "карантин режимі және өңір аумағында кейбір шектеу шараларын енгізу туралы" жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, 19 қазанда таңғы сағат 7.00-ден бастап Алматы облысында карантин шаралары күшейтіледі. Жұмысы тоқтатылатын нысандар:

  • Сыйымдылығы 50 адамнан асатын қоғамдық тамақтану объектілері (асханалар, дәмханалар, кофе, мейрамханалар және басқа да мекемелер);
  • 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдар;
  • Барлық ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар).

Сондай-ақ, өңірде ойын-сауық спорттық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ отбасылық, естелік және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Бұдан басқа, бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3-тен аса адамның бірге жүруіне тыйым салынады, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу енгізіледі.

Қоғамдық көліктер қарбалас уақытта 6.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін бес минуттан аспайтын интервалмен жолаушыларды тасымалдауы керек.

Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру