«Жалған» Соната

17 қазан 11:10 1438 рет қаралды

Атырауда полиция қызметкерлері автокөлікке жалған нөмір тағып жүрген екі жүргізушіні ұстады.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бір  факт 14 қазанда Әлия Молдағұлова көшесінде тоқтатылған "Hyundai Sonata" көлігін тексеру кезінде анықталды. Ал екіншісі 16 қазанда Әуезов-Азаттық көшелерінің қиылысында тоқтатылған "Toyota Camry" автокөлігін тексеру барысында тіркелді.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі («Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару») бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілді.

Жыл басынан бері қала аумағында автокөлік құжатын қолдан жасауға қатысты 14 факті тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы – «Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша бір қылмыстық іс қозғалды, - деп атап өтті Атырау облысы ПД бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру