Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды

17 қазан 10:40 417 рет қаралды

Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

17 қазанға қараған түні елімізге 16 әуе рейсі келді. Оларда жалпы 1 527 жолаушы болған, оның ішінде коронавирусқа анықтамасы бар - 1251, анықтамасы жоқ - 276.

Оның ішінде: - Нұр-Сұлтанда алты рейс, жалпы 656 жолаушы, анықтамасы бар - 528, анықтамасы жоқ - 128; - Алматыда - тоғыз рейс, 764 жолаушы, анықтамасы бар - 622, анықтамасы жоқ-142; - Ақтауда - бір рейс, 107 жолаушы, анықтамасы бар - 101, анықтамасы жоқ - алты.

"Қазақстандықтардың 82 пайызы анықтамамен келген. Коронавирусқа анықтамасы жоқ адамдар ПТР тесттен өту үшін екі күндік карантинге жатқызылды", - деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін кейінгі тәулікте (16 қазандағы деректер бойынша) Қазақстанда 100 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі болды. Ал 17 қазандағы жағдай бойынша, елде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның тағы 158 жағдайы анықталды.





Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру