Түрменің ауласына телефон лақтырғандар ​«Сергек» арқылы ұсталды

17 қазан 10:20 641 рет қаралды

Жақында «Сергек» бейнекамерасының көмегімен түзеу колониясына әкелуге тыйым салынған заттарды лақтырған адамдар ұсталды.

Үш жас азамат оралған затты ерлер түзеу колониясының ауласына лақтырып,  «ВАЗ-2114» көлігімен қашып кетуге тырысты. УГ-157/9 колониясының қызметкерлері полицияға көлікке бағыттама беріп, «Сергек» камераларының көмегімен жарты сағат ішінде оларды қолға түсірді. Оралған қаптамада ұялы телефон, қуаттау құрылғысы және құлаққап бар.

- Ұсталған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабымен («Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру») әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп баяндады Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі. – Қазір пенитенциарлық мекемелердің бәрінде жаппай бейнебақылау камерасы қондырылып жатыр, соның ішінде тасада қалған жердің бәрі бақылауға алынады.

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұсынды



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру