​Жылу берілді

16 қазан 12:18 598 рет қаралды

Атырауда 15 қазанда жылы беру науқаны басталды.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 16 қазан күні таңертең 1002 көпқабатты үйдің 896-сына жылу берілді. Қалған үйлерде кешке дейін беруге уәде берді.

Әкімдікте үйлердің барлығы алдын-ала тексеруден өткізіліп, жылуға қатысты ешқандай мәселе туындамайды деп сендірді.

Ал «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ 7-10 күн ішінде жылуды толық қосуға дайынбыз деп айтты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру