Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті

15 қазан 13:49 389 рет қаралды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы president.kg сайтында жарияланды. 

«Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын.....», - делінген Жээнбековтің үндеуінде.

Еске сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков 2017 жылы Қырғыз республикасының президенті болып сайланды.

Дереккөз: Азаттық рухы



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру