Ауладағы спорт алаңдары: жастарды қолдау керек, бірақ қарттарды да сыйлаған жөн

14 қазан 2020 14:11 2013 рет қаралды

Жақында Қазақстанда салтанатты түрде Қарттар күнін атап өтті. Әдемі шара ұйымдастырып, жақсы тілек тілеген бір басқа да, ал іс жүзінде  істеліп жатқаны бір басқа. Мысалы, қарт адамдар көп тұратын Молдағалиев көшесіндегі 7 үйдің терезесінің алдына өте ыңғайсыз street workout алаңы құрылған.

Ол осыдан үш жыл бұрын сол үйден он метр жерде орнатылған. Содан бері тұрғындардың әбден мазасы қашты. Мұнда жастар жиналады, дауысын қатты шығарып музыка жібереді, айнала у-шу, әсіресе, кеште және түнімен таңға дейін.

- Бұл бізге, қарт адамдарға, қолайсыз жағдай туғызып тұр, - дейді бірінші қабатта тұратын 89 жастағы Василий Михайлович.Біздің үйдің тұрғындары болып жиналып, сол кездегі қала әкімінің орынбасары Хасановқа жолықтық, бірақ ол бізді тіптен түсінген жоқ. Бұл спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына, салауатты өмір салтын ұстануына өте пайдалы деп, әдемі сөздермен бізді шығарып салды. Оның бәрі түсінікті ғой, бірақ неге сол жақсылықтың бәрі қалған өмірін жанға жайлы сүргісі келетін қарттардың денсаулығының есебінен жасалуы керек? Осы жағдайды ескеріп, сол алаңды терезеге тақамай, кішкене әріректе орнатуға болмады ма? Қазір сол алаңға іргелес Қайырғали Смағұлов аллеясында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. №7 және соған іргелес тұрған №5 үйдің тұрғындары қала басшыларына мүмкін сол алаңды да бірге ығыстырмас па екен деген үмітпен өтініш айтады. Әйтпесе, қазыналы қарттарымызды аялайық, үлкенге сый-құрмет көрсетейік деген қанатты сөздерді қолданудың қажеті қанша?

Зульфия ИСКАЛИЕВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру