​Көлікті куәліксіз әрі мас күйде басқарсаң – түрмеге тоғытылуың мүмкін

13 қазан 2020 15:03 2220 рет қаралды

Жыл басынан бері Атырау облысының соттарына көлікті куәліксіз әрі мас күйде басқарғаны үшін көтерілген 67 қылмыстық іс түсті. 31 жүргізушіге кәдімгі бас бостандығынан айыруға үкім шықты.

Айта кету керек, осы жылдың 11 қаңтарынан бастап ҚР ҚК 346-бабы күшейтілді: енді әртүрлі жазалау шараларының қатарында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған (бұрын 2 жылға дейін болған).

- Келтіріген зардабы мен сотталушылардың жеке басына байланысты 31 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға кесіліп, 16 – бас бостандығын шектеуге, 5 – қоғамдық жұмыстарға, 2 – шартты мерзімге сотталды. Үш сотталушыға көп мөлшерде айыппұл салынды. Тағы 10 іс қаралуда, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру