Тоқаев Алматыға барды

25 қыркүйек 10:45 597 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған кадр

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалымен танысады және медицина қызметкерлерімен әңгімелеседі. Сонымен қатар білім беру орталығын, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды аралап көреді деп жоспарланған. 

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қоғам қайраткерлерімен және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізеді", - деп жазды Берік Уәли.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру