Атыраулық полицейлер "Бекіре" операциясы барысында 1 тонна қызыл балық тиеген "Тойотаны" ұстады

23 қыркүйек 2020 13:05 3087 рет қаралды

Полиция департаменті қызметкерлері Атырау-Орал тас жолында кетіп бара жатқан Toyota Land Cruiser көлігінен жалпы салмағы 345 дана бекіре балығын тапты. Бұл «Бекіре» жедел-профилактикалық алдын-алу шарасы кезінде болды.

- Көлік жүргізушісі мен жолаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. – ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Айта кету керек, «Бекіре» операциясының күзгі кезеңі басталғалы 1,2 тонна балық, оның ішінде 1 тонна 57 кг бекіре тұқымдас балық заңсыз айналымнан алынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ПД баспасөз қызметі ұсынған суреттер мен бейнежазба



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру