Оралда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

18 қыркүйек 12:08 504 рет қаралды

Оралда 16 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды деп хабарлайды Тengrinews "Мой город" сайтына сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға 16 қыркүйекте Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

"Ол төртінші қабаттан құлап кетті. Жағдайы ауыр. Тоқпан жілігі сынған, бас жарақаты диагнозы қойылды", - делінген хабарламада.

Облыслық полиция департаменті бұл оқиағаға қатысты түсінік берген жоқ.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру