Қазақстанның жаңа бас санитар дәрігері тағайындалды

16 қыркүйек 17:37 574 рет қаралды

Ерлан Қиясов Қазақстанның жаңа бас мемлекеттік санитар дәрігері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы"қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастады.

1997-1999 жж. - Алматы қаласындағы ҚР әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, дәрігер-эпидемиологы.

1999 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында - санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры, басшының орынбасары болып жұмыс істеді.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру