Үндістанда COVID-19 жұқтырғандар саны бес миллионнан асты

16 қыркүйек 16:40 380 рет қаралды

Үндістанда соңғы тәулікте 92 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған, - деп хабарлайды "Хабар 24".

 Дерттен 1 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Сарапшылар шектеулерді алғаннан алдағы апталарда індеттің таралуы күшейіп, науқастардың саны артатынын айтады.

Бірақ билік елде дерттен жазылып шыққандар көрсеткіші 78%-ті құрайтынын алға тартып, жалпыұлттық карантинді қайта енгізуден бас тартқан. 5 миллионнан астам науқастың 4 миллиондайы жазылып кеткен. Бірақ індеттен Үндістан экономикасы сәуір-маусым айы аралығында 24%-ға дейін қысқарып, миллиондаған адам жұмыссыз қалған. 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру