Өзбекстан, Қытай, Моңғолиядан келген жаңа азаматтар

16 қыркүйек 15:00 607 рет қаралды

Жыл басынан бері Атырау қаласы бойынша барлығы 80-нен астам адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды, олардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Моңғолиядан келген қандастарымыз.

- Еліміздің аумағына тұрақты тұру мақсатымен көшіп келген қандастарымыз - этникалық қазақтардың азаматтық алу мәселесінде жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен 46 қандасымыз алды, - дейді Атырау облысы Полиция департаментінің  бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ. - Некедегі әйелдің азаматтығы туралы Конвенция талаптарына сай 16 адам, еліміздің Президентінің Жарлығымен 18 азамат Қазақстан азаматтығына қабылданды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру