"КамАЗ" жүргізушісі электр сымын байқамаған

15 қыркүйек 19:45 1220 рет қаралды

14 қыркүйекте Атыраудағы Береке ықшамауданында жүк түсіру кезінде КамАЗ көлігінің көтерілген борты 10 мың вольтты электр кернеуіне тиіп кетті. Осыдан машинаның артқы дөңгелектері, содан кейін дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі өртенді.

- КамАЗ-дың көтерілген металл борты электр сымына тиіп кетті. Бағына қарай, ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. - Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жедел жетіп,  жарты сағат ішінде жанып жатқан жүк көлігін сөндіріп үлгерді.

Фархат ӘБІЛОВ

ТЖД ұсынған суреттер



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру