Ғалымдар коронавирусты өлтіретін ақуыз ойлап тапты

15 қыркүйек 16:25 461 рет қаралды

Питтсбург университетінің (АҚШ) ғалымдары ақуызға зерттеу жүргізіп, SARS-CoV-2 коронавирусын толығымен бейтараптандыратын ақуыз ойлап тапты, деп хабарлайды sputniknews Cell басылымына сілтеме жасап. 

Зерттеушілер организмге түсетін коронавирустың S-ақуызымен байланысуға қауқарлы 100 миллиард молекуланы талдаған. Олар тышқандар мен атжалмандарға зертханалық зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде препарат кеміргіштердегі коронавирустың алдын-алу мен емдеуде жоғары тиімділік көрсеткенін анықтаған.

Осыдан кейін америкалық ғалымдар бұл препаратты COVID-19-қа қарсы терапиялық дәрі деп санауға болады деген қорытындыға келді.

Табылған ақуыз адам жасушаларымен байланыспайды. Сондай-ақ, мамандар оның жағымсыз жанама әсерлерді азайтуға мүмкіндік беретінін айтады.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру