Сирияда АҚШ тікұшағы құлады

15 қыркүйек 15:33 272 рет қаралды

АҚШ Қарулы күштерінің тікұшағы Сирияның әл-Хасак провинциясындағы Ярубия ауданында құлады, - деп хабарлайды Тengrinews Radio Sputnik-ке сілтеме жасап.

Сириядағы SANA мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, АҚШ басқыншылық күшінің тікұшағы Ярубия ауданындағы Тел-Хаддад аулында құлаған.

Апат болған жерді америкалық әскердің бронетехникасы қоршап алған.

Еске салайық, Сириядағы қақтығыс 2011 жылдан бері басылмай келеді.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру