Құбыр жөнделіп, көршілерге су берілді

12 қыркүйек 2020 17:33 2296 рет қаралды

Маңғыстау облысының әкімдігі бүгін таңғы сағат 07.30-дан бастап Астрахан-Маңғышлақ магистральды су құбырында жөндеу жұмыстары аяқталғанын және судың толық берілгенін хабарлады.

Бұдан бұрын 11 қыркүйекте Атырау облысы арқылы өтетін «Астрахан-Маңғыстау» құбырында апат болғаны туралы ақпарат айтылған еді. Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысындағы бірқатар ауылдар ауыз сусыз қалған.

- "Құлсары мұнай құбырлары басқармасы" жоспарға сәйкес, түнгі сағат үште жөндеу жұмыстарын аяқтады. "Магистралды су таратқыш" ЖШС су қысымын реттеп, сағат 07:30-да Маңғыстау бағытына су жіберілді, - деп хабарлады Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру