"Ертісбаев пен Қосановты не байланыстырады?". ​​"​Құлыбаевтың қайта салынған зәулім үйі және қазақстандық ERG-де қызмет еткен екі шетелдіктің өлімі​". "Қазақстанда "саяси тұтқындар" тізімі жаңарды​". "Бұл геноцидке бей-жай қарамауымыз керек".​

8 қыркүйек 11:17 1572 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Құлыбаевтың қайта салынған зәулім үйі және қазақстандық ERG-де қызмет еткен екі шетелдіктің өлімі» - Осы аптада әлемдік басылымдар Қазақстанның ең бай адамдарына қатысы бар екі даулы іске назар аударды. Біріншісі Eurasian Resources Group (ERG) корпорациясының 2015 жылы жұмбақ жағдайда қайтыс болған екі топ-менеджерінің өлімін тергеу жөнінде. Корпорация Қазақстанда металл өндіріп дүние жиған олигархтар Александр Машкевичке және Алиджан Ибрагимовке тиесілі. Екіншісі – қазақстандық олигарх, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың Ұлыбритания ханзадасы герцог Эндрюден 2007 жылы сатып алған зәйлүм үйі туралы.

«Қазақстанда "саяси тұтқындар" тізімі жаңарды» - Қазақстандық құқық қорғаушылар саяси астары бар тұтқындаулар мен сот процестерінен кейін саяси тұтқындар тізімі бірнеше жаңа есіммен толыққанын хабарлады. “Ар.Рух.Хақ” ұйымының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 8 қыркүйекте тізімге жаңадан енген белсенділердің аты-жөнін жариялады.

«"Лайықты жалақы не өмірлік өтемақы берсін". Полиция оғынан жараланған жаңаөзендіктердің билікке талабы» - Жаңаөзенде 2011 жылы мұнайшылар ереуілін полиция оқ атып таратқанда зардап шеккен бір топ адам биліктен орташа өмір сүруге жететін жалақысы бар жұмыс беруді немесе өмірлік өтемақы төлеуді сұрайды. Үкімет оларға жергілікті әкімдік ұсынған жұмысқа орналасуға кеңес береді.

«"Бұл геноцидке бей-жай қарамауымыз керек". Сайрагүл Сауытбай жайлы кітап авторымен сұхбат» - Неміс журналисі әрі жазушысы Александра Кавелиус "Шыңжаңдағы адамдардың жағдайының сорақылығы соншалық, қол қусырып отыруға дәтің шыдамайды" дейді. Биыл маусымда оның Қытайдағы лагерьлер жайлы Die Kronzeugin атты (неміс тілінен аударғанда "басты куәгер" - ред.) атты кітабы жарық көрді. Кітаптың қосалқы авторы әрі бас кейіпкері – Шыңжаң мұсылмандарын түрмеге жабу үшін құрылған "саяси қайта тәрбиелеу лагерьлеріндегі" жағдайды алғашқылардың бірі болып әлем қауымдастығына жеткізген Қытайдың этникалық қазағы Сайрагүл Сауытбай. 

TENGRINEWS.KZ. «Балаларға арналған инклюзив білімнің артықшылығы неде?» - i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің директоры, PHD доктоp Жұлдыз Сүлейменова инклюзив білім берудің және қазақ ағартушыларының еңбектерін зерттеудің маңызы туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 

NEGE.KZ. «Кеңестен кеңесшіге дейін. Ұлттық Банкке жаңа комитет неге керек?» -Президенттің ақша-кредит саясатын қайта қарау бойынша тапсырмасынан кейін Ұлттық банк төрағасы өзіне жаңа кеңесші таңдады. Ал бұрынғы сарапшылар кеңесі енді комитет ретінде қайта құрылады. Бірақ одан базалық ставка өзгере ме?

«Windows өздігінен вирус жұқтыра ма?» - Microsoft операциялық жүйесінен қауіпті бағдарламаларды жүктейтін айла табылды. Бұл туралы BleepinComputer баспасы киберқауіпсіздік сарапшысы Мұхаммед Асқарға (Mohammad Askar) сілтеме жасай отырып мәлімдеді.

«Ертісбаев пен Қосановты не байланыстырады?» - Қазақстанда Ермұхамет Ертісбаев дейтін мықты бір кеңесшінің болғанын ел ұмытпауы керек. Бұл кісі бақандай 12 жыл бойы тұңғыш президенттің танауының астында жүрді. Сол кездегі жанама аты – «Ақорда бұлбұлы» еді. Бұлбұл десе бұлбұл-тын, сайрағанда алдына жан салмайтын. Алайда билікке «сұңқыл дауыстың» да керек болмай қалатын кезі бола ма, әйтеуір, 2013 жылы Ертісбаевқа ел ішінен қызмет табылмай, шетке ысырылған. Президенттік таққа Тоқаев келген соң, Қазақстанның Беларусьтегі елшісі қызметінен де босап қалды. Тура зейнет жасына үш ай қалғанда! Не ары емес, не бері емес. Содан кейін Ертісбаевты іздеген адам болмаған. Тіпті оның бар-жоғы да ұмытылуға шақ қалып еді.

«Қойшы көп болса...» - Иә, қой арам өледі. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, шенеуніктері неғұрлым аз елдерде соғұрлым өмір сүру деңгейі жоғары екен. Елімізде жыл сайын шамамен 13 мың адам әскерге шақырылады. Демек, офицерлерді ескермесе, бар әскеріміздің саны осы шамада.  Ал шенеуніктеріміз бұдан он есе көп. Әскер елді қорғайды, отаны үшін жанын беруге дайын солдат айына 3 мың теңгеден сәл асатын айлық алады. Ал шенеуніктер не бітіреді? Қанша жалақы алады?

QAMSHY.KZ. «Қытай армиясы Үндістан шекарасына жиналды» - Қытай армиясы Үндістан шекарасына жиналып, әскери жаттығуларын бастады. Жергілікті БАҚ Қытай армиясының 1000 сарбазы мен 100 әскери техникасы Қытайдың солтүстік-батысына жіберілгенін хабарлады.

«Экономист: Зейнетақы жинақтарын азаматтар ала алмайтындай "әдейі" кедергі келтіріп отыр деп айта алмаймын» - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте жариялаған жолдауында 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін баспана сатып алуға, қажетті ем-домға және қаржы компанияларына жұмсай алатынын айтқан. Кейіннен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мемлекет басшысының жолдауында айтылған бастама тек зейнетақы қорында жеткілікті қаржысы бар азаматтарға берілетінін жеткізді. "Қамшы" тілшісімен сөйлескен GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық еңбек министрлігінің "жеткіліктілік шегін" көрсеткені дұрыс әрі батыл шешім екенін айтты.

STAN.KZ. «БЖЗҚ-дан ақшаны мерзімінен бұрын алу тұрғын үйдің 30%-ға қымбаттауына алып келеді» - Егер қазақстандықтар зейнетақы қорының қаражатын жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланса, қазақстандық нарықтағы тұрғын үй 30%-ға қымбаттауы мүмкін. 

«Соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда қандай оң өзгерістер болды?» - Соңғы бес жыл ішінде ел аузында қалған жағымды жаңалықтар мен оң өзгерістер туралы саясаттанушылар не дейді? 

ZAKON.KZ. «Халықтың ақшалай кірісі азайғанына қарамастан тұрғын үй бағасы қымбаттаған. Неге?» - Егер қаңтар-тамыз айларында жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы бүкіл республика бойынша орта есеппен 2,6% -ға өссе, екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы ол 6,6% -ға қымбаттады.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру