«Той-томалақты қойдық»: коронавирус атыраулықтарға не үйретті

7 қыркүйек 16:53 1440 рет қаралды

Пандемиядан кейін әлем енді бұрынғыдай болмайды, деп жарыса жазуда халықаралық басылымдар. Ал қазақтар ешқашан өзгермейді: үлкен отбасылық іс-шараларға рұқсат етілген бойда бүкіл мейрамханада қайтадан той тойланып, банктердің алдында несие алу үшін ұзын-сонар кезек түзіледі деп санайды жергілікті менталитетті білетіндер. Біз пандемия қалай әсер еткенін және карантин оларға не үйреткенін Атырау тұрғындарының өзінен сұрауды ұйғардық.

- Ең алдымен, басты байлық – денсаулық екенін түсіндім, енді денсаулығымды күтуге тырысып, үнемі маска тағып жүремін, антисептик пайдаланамын, әлеуметтік қашықтықты сақтаймын. Туыстарымыз да осылай жасайды. Үлкен шараларға бармайтын болдық, өзіміз де той-томалақ ұйымдастырмаймыз, тіпті, үйі-ішінде де. Егер аяқастынан бір нәрсе болса немесе маңызды себеппен 15 адамнан аспай, бас қосамыз, - дейді 60 жастағы Абай ҒАЛИМОВ.

- Коронавирус өмірімізге кері әсерін тигізді. Көп дүкен табысынан айырылды, қала тұрғындары сатып алуды азайтты. Мен өзім сауда орталығында жұмыс істеймін, жоспар орындай алмаған соң жалақым да азайды. Одан қалса, карантин де бітпеді, сауда нүктелерін, базарларды, дүкендерді ашып-жауып жүр... Жұмыс жасай ма, жоқ па, білмей қаласың. Ең алдымен қауіпсіздік үшін қоғамдық көлік жұмысына тыйым салмау керек. Ал жерге қақырып-түкіретін тұрғындарды қатаң жазалап, айыппұл салу керек. Вирус осыдан көбейеді. Карантин мені үнемдеп, қор жинауға үйретті. Әзірге тек азық-түлік қорын жинадым, ақша жинау мүмкін болмай жатыр, - деп бөлісті өз пікірімен 38 жастағы Лиза.

16 жасар Асхатқа қызықпасқа болмайды - ол тек сыныптастарын арасында көретіні болмаса, коронавирус пен карантин оның өміріне еш әсер етпеген, бірақ «бұл қалыпты» деп санайды.

Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің екінші курс студенті Алмаз Асхаттан бір-ақ жас үлкен, бірақ ол басқаша пікірде. Біріншіден, ол пандемия кезінде бәріміз гигиенаға көбірек уақыт бөле бастағанымызды байқаған. Екіншіден, Асхат қашықтан оқудың арқасында көптеген компьютерлік бағдарламаларды меңгеріп, ғаламтордан ақпарат ағынынан өзіне ең қажетті нәрсені алуды үйренген. Егер карантин болмаса, ол бұл дағдыларды осылай шыңдай алар ма еді, кім білген.

Дегенмен, студенттер ғана емес, ұстаздарға да гаджеттерді игеруге тура келді. Халила апа агроколледжде жұмыс істейді, Zoom мен Platonus қосымшаларымен жұмыс істеудің қыр-сырын әбден меңгеріп алған.

- Карантин уақыты оңайға соқпады. Әріптестеріммен де, студенттеріммен де көптен көріспедім. Қашықтан жұмыс істеу қиын. Бұдан басқа, бізге жаңа технологияларды меңгеруден бөлек, қағаз толтыру едәуір артып, түрлі есептер көбейді. Италияда тұратын қызым мен немерелерімді көрмегеніме бір жыл болды. Пандемия мен қойылған шектеулердің салдарынан билетімді тапсыруға тура келді.

Маска мен антисептиктер, әрине, маңызды, бірақ Ұлжан АХМЕДОВА пандемия өзіне иммунитетін күтуге: дұрыс тамақтанып, жеткілікті ұйықтап, таза ауада серуендеуге және санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтауға үйретті дейді. Осының арқасында оның отбасы коронавирус жұқтырудың алдын алған.

- Өте жағымсыз. Бәріміз жарты жыл үйде отырдық. Жұмыста қиындықтар туындады, - дейді 24 жастағы Нұрсұлтан есімді қала тұрғыны. - Дағдарыс осындай күтпеген жағдайлар үшін кірістің бір бөлігін үнемдеп, кейінге жинау қажет екенін түсіндірді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

Бейжазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру