​Тимур Бекмамбетов Атыраудың өлкетанушысы Вячеслав Афанасьевті құттықтады

4 қыркүйек 2020 11:33 2157 рет қаралды

Әлемге әйгілі кинорежиссер, продюсер, жерлесіміз Тимур БЕКМАМБЕТОВ өзінің Instagram парақшасында әсерлі пост жариялады. Ол жергілікті өлкетанушы Вячеслав АФАНАСЬЕВТІ 80 жылдығымен құттықтап, өзінің балалық шағын есіне алды.

«Мен сыныптастармен бірге жас өлкетанушылар үйірмесінің жетекшісі Вячеслав Афанасьевтің басшылығымен алғашқы экспедицияға барған кезде 7 жаста едім. Күні бойы Сарайшықтың қираған жерлерін аралап, 14 ғасырдың монетасы болып шыққан жасыл түсті металдың бөлігін тауып алдым. Туған өлкеміздің тарихына деген сүйіспеншілігімізді оятқан атақты өлкетанушыны мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын», - деп жазды Бекмамбетов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мне было 7 лет, когда я с группой одноклассников и под предводительством руководителя кружка юных краеведов) Вячеслава Афанасьева поехал в свою первую экспедицию. Я весь день бродил по развалинам Сарайчика и нашёл зелёный кусочек металла, который как выяснилось оказался монетой 14 века.) Сердечно поздравляю с юбилеем нашего легендарного краеведа, который заронил в нас любовь к истории родного края.
Публикация от Timur Bekmambetov (@bekmambetovtimur)

Тимур Бекмамбетов 1961 жылы Гурьевте дүниеге келген, кейін Ресейге, содан соң АҚШ-қа кетіп, кино түсіретін дәрежеге жетіп, «Ночной дозор», «Дневной дозор», «Ирония судьбы. Продолжение», «Особо опасен», «Бен-Гур» (Голливудта жүріп түсірген) картиналарының режиссері мен продюсері болды. Константин Хабенский, Морган Фриман, Анджелина Джоли және т.б. атақты актерлармен бірігіп жұмыс істеді. Біздің тілшілер атап өткендей, Атыраудағы өзінің туыстастарына келгенде ол өзін мінсіз ұстады: өзін өзге біреуден артықпын деп шалқаймайтын, өзіміздің қарапайым ер азамат. Ал оның үлкен талант иесі болып, шыңға шыққаны  тіптен жақсы емес пе? 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру