Қазақстанда жаңа агенттік құрылады

1 қыркүйек 2020 10:34 2561 рет қаралды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүргізген жөн. Алдымен біз мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі және оларды орындау жауапкершілігі тәсілдерін өзгертеміз. Пандемия мен дағдарыс жағдайында қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі барынша жұмыс істейді.
Сондықтан мен Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Мұндай орган бұған дейін жұмыс істеп, жүктелген міндеттерді сәтті орындады, енді ол бүкіл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық буынына айналады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ, ол Статистика комитеті Ұлттық экономика министрлігінің құрамынан шығып, жаңа агенттіктің құрамына кіретінін айтып өтті. 

Айта кетейік, Жолдауды республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, радиостанциялар тікелей толқында таратты.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру