Төрағаларға екі жылдан кейін ПИК болмайтыны хабарланды​

26 тамыз 17:05 891 рет қаралды

№ 21 мектептің акт залында қалалық тұрғын үй инспекциясының бастамасымен Атыраудағы ПИК төрағаларымен «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңындағы өзгерістермен танысу мақсатында кездесу өтті.

Атырау қ. ПИК қауымдастығының төрайымы Гүлнар САЛИХОВА «Тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формаларына көшу» тақырыбында баяндама жасады.

- Тұрғындар үй басқарудың екі түрінің - меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе қарапайым серіктестіктің бірін таңдай алады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» жаңа заңда әзірге ПИК-те қалуды ұйғарғандар үшін 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін кезең-кезеңмен көшу қарастырылған. Бірақ 2022 жылдың екінші жартысында барлық ПИК жабылады.

Тұрғындар кем дегенде 3 адамнан тұратын үй кеңесін сайлауы керек. Бұл орган үйді басқарудың барлық өкілеттігіне ие.

Әрбір көппәтерлі үй үшін 2 шот ашылады - негізгі (ағымдық) және жинақтаушы (алдағы күрделі жөндеуге төлемақы жинау үшін). Жинақ шотына ең төменгі төлем - шаршы метр үшін 13 теңге. Одан көп жинауға болады, бірақ одан аз емес. Жинақтаушы шоттан жөндеу жұмыстарының шығын сметаларынсыз және тұрғындардың жалпы жиналысының шешімінсіз ақша алуға болмайды.

Тұрғын үйді ұстағаны үшін ең төменгі төлем мөлшерін жергілікті мәслихат бекітеді, ол Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі бекіткен әдістеме бойынша есептеледі. Сол министрлік типтік келісімшарттар мен МИБ Жарғысын бекіткен.

Заңда «хаусмастер» термині енгізілген - бұл тұрғындар МИБ-ті де, қарапайым серіктестікті де таңдамаса, шаруашылық иелігінде жоқ үйлерге арналған үй шебері.

Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру