"Геолог" жолы ашылды

23 тамыз 2020 13:25 2863 рет қаралды

22 тамызда кешкісін Атырауда қайта жаңартылғаннан кейін Амандосов пен Берғалиев көшелерінің қиылысындағы айналма жол ашылды.

Қала әкімінің орынбасары Ринат ЖАНҒЫЛЫШЕВТІҢ айтуынша, құрылыс нормаларына сәйкес, бұл жұмысқа 40 күн кетуі тиіс еді, бірақ облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жаңарту жұмыстары 25 күнде жасалған. Жанғылышев мұның сапаға әсер етпегеніне сендірді. Жол 22 метрге дейін (6 жолақ) кеңейтілген. Бұл жерде бағдаршаммен қиылыспайтын «оң жақ» бұрылыс жасалған.

Бұл, әрине, Геолог пен қала маңындағы ықшамаудан тұрғындары үшін қуанышты сәт. Өйткені олар бір айға жуық уақыт балама көшелерде үлкен кептелістерде тұрып, теміржол көпірі арқылы жаяу жүрген еді.

Естеріңізге салсақ, ұзындығы 3 шақырым болатын Амандосов жолын қайта жаңарту осы жылдың маусым айында басталған болатын. Бұл жұмыстардың барысында 5315 шаршы метр тротуар төселіп, 6 автобус павильоны және 179 көше шамдары орнатылады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру