Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 43 адам қайтыс болды

9 тамыз 12:15 547 рет қаралды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 43 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 9 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 25 182 адам, оның ішінде 108 бала емделіп жатыр. Стационарларда - 5 021 пациент, амбулаториялық деңгейде - 20 161 адам бар.

121 адамның жағдайы ауыр, 29 науқастікі өте ауыр, 38 - жасанды тыныс алдыру аппараттарына қосылған.

Еске салайық, 8 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 872 адам анықталған. Жалпы, елде 98 701 жағдай тіркелген.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру