Қытайда соңы өлімге әкелетін жаңа вирус тарала бастады

8 тамыз 22:10 950 рет қаралды

Қытайда кене арқылы жұғатын SFTS вирусының өршуі тіркелді, деп хабарлайды Global Times басылымы.

"Соңғы мәліметтер бойынша, қазірдің өзінде аталған індетті 60 адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болған. Бастапқыда індет Цзянсу провинциясында тіркелді, кейіннен Аньхой провинциясының тұрғындары да вирус жұқтырғаны анықталды", – делінген ақпаратта.

Ауру жұқтырғандардың айтуынша, симптомдық белгі ретінде жөтел, дене қызуының көтерілуі және қандағы лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалады.

Айта кетейік, SFTS вирусы алғаш рет 2011 жылы анықталды. Вирус кенеден адамға жұғып, басқа адамдарға қан немесе шырышты қабық арқылы таралады.

Дереккөз: sputniknews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру