Полиция тәжікстандық Баха үшін құжаттар рәсімдеуге кірісті

8 тамыз 18:21 696 рет қаралды

Жақында «AЖ» қаламызда жоғалған, өзін Бобораджаб Джавлиев деп атаған Тәжікстан азаматы туралы жазған еді. Бір кездері ол Атырауға табыс табу үшін келген, бірақ соққыға жығылып, ақшасы мен құжаттарын ұрлатып алған, ал ең жаманы - ол өткен өмірін ұмытып қалған. Біздің жарияланымнан кейін Бобораджабтың туыстары хабарласып, туған інісі онымен телефон арқылы хабарласқан еді. Ал Атырау полициясы оның жеке басын анықтаумен айналыса бастады.

Қазір Бобораджаб тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орнында. Қабылдау-тарату орнының басшысы Асқар ҚАБДОЛЛАЕВТЫҢ айтуынша, Алматыдағы Тәжікстан Бас консулдығына Джавлиевтің жеке басын анықтау және оның тәжік азаматтығын куәландыратын анықтама алу туралы сұраныс жіберілген. Оның жеке басы расталғаннан кейін және консулдықтың көмегімен қажетті құжаттарын алған соң, шығу визасы беріледі. Сол кезде Бобораджаб үйіне орала алады.

Айнұр САПАРОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру