​Алмагүлде 4 көлік соқтығысты

8 тамыз 16:45 1536 рет қаралды

7 тамызда кешкі сағат 7-де Атыраудағы Алмагүл ықшамауданында 30 жастағы Kia Rio жүргізушісі бағдаршамның қызыл жарығынан өтіп бара жатып, Nyundai Elantra-мен, одан кейін тағы екі автокөлік – Skoda Octavia және Volkswagen Touareg-пен соқтығысқан.

ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті. Kia Rio жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылды, 54 жастағы Kia Rio жолаушысы және 29 жастағы Hyundai Elantra жүргізушісі №7 емханаға жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді. Қазір тексеру жүргізілуде.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру