Үндістанда ұшақ апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты

8 тамыз 12:20 506 рет қаралды

Үндістанда Air India ұшағы апатқа ұшырап, Кожикоде қаласында апатты жағдайда қонды. 20 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

140-тан астам адам жарақат алды.

Қаза тапқандардың арасында екі ұшқыш та бар екені хабарланды.

Жұмада, 7 шілдеде Үндістанда Air India әуе компаниясының Express Boeing 737 лоу-костері Керала штатындағы Кожикоде әуежайына апатты жағдайда қонды. Үндістан билігінің мәліметінше, жаңбыр кезінде қонған лайнер көлбеу құлағаннан кейін екіге бөлінген.

Дубайдан келе жатқан ұшақ бортында барлығы 190 адам, оның ішінде 174 ересек жолаушы, он бала, екі ұшқыш және төрт экипаж мүшесі болған. Ұшақтағылар коронавирус пандемиясына байланысты шетелде қалып қойған үндістер.

Апат болған жерде түсірілген кадрларға қарасақ, ұшқыштардың кабинасы мен ұшақтың алдыңғы жағы толығымен жойылғанын, ұшу-қону жолағында және оның айналасында әуе кемесінің қалдықтары шашырап жатқанын байқауға болады.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру