​Биыл құрбандық малы арзан емес

1 тамыз 14:42 834 рет қаралды

Құрбан айт мерекесі күндері Атырауға кіреберісте бөгет бекеттер қойылғаннан кейін қалада қой қымбаттап кетті. Бұрын құрбандыққа шалатын малды 30 мыңнан сатып алуға болатын болса, қазір бағалар 45 мың теңгеден басталады.

Осы аптада Атырау облысы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанар ДОСЫМБАЕВА 31 шілде мен 2 тамыз аралығында қала аумағына ірі қара және ұсақ мал әкелуге тыйым салынатынын мәлімдеді. Сондықтан мал 29 шілдеден бастап көбірек сатыла бастады, ал үлгермегендер әлеуметтік желіде (сатып алушы малды суретке қарап таңдайды да, сатушы бір сағат ішінде оны көрсеткен мекен-жайға жеткізіп береді) немесе өз үйлерінің ауласында сатады.

Ауданнан мал әкеліп сатушылар бұған дейін Жұлдыз ықшамауданы маңында сатқан болса, қазір ол жер бос тұр. Өйткені оларға карантин режимін бұзғаны үшін 83 мыңға айыппұл салынуы мүмкін.

- Қазір қойдың орташа бағасы 40 мың теңге – бұл бөгет бекет қойылуына байланысты. Саудаласуға мүмкіндік жоқ. Онсыз да қазір халықта ақша аз, оның үстіне осындай шектеулер жасалған, - дейді ренжіген қала тұрғындары. Билік тұрғындарға онлайн режимінде құрбандық шалуды ұсынды. Ол бойынша Құрбандық - 2020 сайтында құрбандыққа мал шалушы сауалнаманы толтырып, ақша аударады. Содан кейін мұсылмандардың діни басқармасының өкілдері мал сатып алып, діни жораларды өткізеді, малдың еті мұқтаж ретінде өтініш бергендерге таратылады. Олар үшін сайтта «құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру» қызметі қарастырылған.

Құрбандық - 2020 сайтында қойдың бағасы 50 мың теңге, тоқты – 40 мың, сиыр – 350 мың, түйе – 700 мың теңге тұрады. Ұшынып тұрған бағаларға қарамастан онлайн-құрбандық шалуға Атыраудың 300-ден астам тұрғыны өтініш берді. 

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру