АҚШ Иранға қарсы санкция енгізеді

31 шілде 10:35 416 рет қаралды

Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы санкция енгізеді. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Бүгін Мемлекеттік департамент Иранның ядролық, баллистикалық және әскери бағдарламаларына байланысты қолданылатын 22 нақты материалды анықтайды. Мұндай материалдарды Иранға бергендерге заңның (АҚШ) 1245 бабына сәйкес санкция салынуы мүмкін", - делінген Помпеоның мәлімдемесінде.

Оның пікірінше, Иранның ядролық, баллистикалық және әскери бағдарламалары "әлемге қауіп төндіруі" мүмкін.

Сондай-ақ, Иранға құрылыс материалдарын жеткізуге тыйым салынады. АҚШ билігі Ислам революциясы сақшылары елдегі "құрылыс саласын бақылауда ұстап отыр" деген пікірде.

"Ислам революциясы сақшыларының құрылыс компаниясы және оған қарасты компанияларға БҰҰ санкция салған. Себебі, олар Фордодағы уранды байыту бағдарламасына қатысқан. Ислам революцияның сақшыларының осы мәртебесіне байланысты және графит немесе шикізат өнімдерін, жартылай фабрикат металдарын Иранға жеткізгендерге санкция салынады", - делінген АҚШ мемлекеттік хатшысының мәлімдемесінде.




Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру