​Жасырын түрде қалааралық тасымалмен айналысқан

30 шілде 17:53 897 рет қаралды

27 шілдеде полиция мен көлікті бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп Береке ықшам ауданында «Атырау-Шымкент» бағытына жолаушылар  тасымалдайтын автобусты тоқтатты. Тексеру кезінде,  36 жолаушысы бар автобус жүргізушісі карантин шектеулерін сақтамай, жолаушылар тасымалымен айналысқаны анықталды.

Сол күні «Атырау-Орал»  жолында 30 жолаушысы бар Шымкентке бағыт алған автобус тоқтатылды. Негізі Атырау облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, облыс аумағында, қалалар және ауылдық елді мекендер арасында автобус тасымалы тоқтатылған.

- Карантиндік шектеулерді  бұзған автобус жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу»,  571-бабы «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу», 572-бабы «Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, - дейді Атырау облыстық Полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰҚТАРОВА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суретті полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру