Украиналық тұрғын үшінші рет коронавирус жұқтырды

30 шілде 10:55 274 рет қаралды

Украинада Тернополь облысының тұрғыны үшінші рет коронавирус жұқтырып, ауырып қалды. Бұл туралы Тернополь облысы мемлекеттік әкімшілігі денсаулық сақтау басқармасының бастығы Владимир Богайчук мәлімдеді, деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Үшінші рет ауырып қалған науқас бар. Біз коронавирус жұқтырып, ауырып қалғаннан кейін тағы жұқтыруымыз мүмкін екенін түсінуіміз керек. Одан ешкім қорғалмаған", - деп келтірді Богайчуктің сөзін жергілікті "Тернополяне" басылымы.

Бұған дейін Укриана Денсаулық сақтау министрлігі елде 67 597 адам COVID-19 жұқтырғанын, 1650 науқас қайтыс болғанын және 37 394 адам аурудан айыққанын хабарлаған.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру