Полицейлер шомылу ережесін бұзғандарға хаттама толтырды

12 шілде 15:00 1332 рет қаралды

Рейд барысында атыраулық полиция Жайықта шомылу ережесін сақтамаған 10 адамды ұстады.

- Ішімдік ішіп, белгіленбеген жерде суға шомылудың алдын-алу мақсатында Атырау полицейлері қала маңындағы Еркінқала, Дамбы, Бесікті, Алмалы,Талғайран, Ақсай ауылдарында рейд шараларын жүргізеді, - деп хабарлады полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА

Рейд кезінде суға шомылу ережесі бұзылған 10 дерек анықталып, ҚР ƏҚБтК-нің 364-бабы (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

ТЖД мәліметінше, Атырау облысында шомылу маусымы басталғалы 12 адам суға кеткен, оның 2-уі балалар.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру