Атыраудағы өрт хроникасы

9 шілде 15:52 963 рет қаралды

Соңғы күндері Атырауда өрт оқиғалары жиілеп кетті. Төменде оқиғалар хроникасынан бірнеше деректер келтірілген.

1 шілдеде сағат 21:20-да Атырау ықшам ауданында орналасқан ТЖД диспетчерлік қызметіне көлік жөндеу орталығының өртеніп жатқаны туралы сигнал келіп түсті. ТЖД-ның 20 қызметкері 5 техникамен барып, бір жарым сағаттан кейін жалынды сөндірді. Өрт себебі мен келтірілген залал мөлшері анықталуда.

* * * * *

1 шілдеге қараған түні Таңдай ауылының маңындағы Атырау-Махамбет трассасында «Renault Magnum 440» фурасы өртенді. Өрт 40 минут ішінде өшірілді, бірақ жүк көлігінен түк қалмады.

* * * * *

3 шілдеде Құрманғазы көшесіндегі «Жалғас» көліу жуу орнында КамАЗ кабинасы мен мотор бөлігі жанып кетті.

* * * * *  

4 шілдеде Балықшыда көппәтерлі үйдің біріндегі пәтерден өрт шықты. Өрт сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 57 жастағы мүгедек жанды құтқарды.

* * * * *

7 шілдеде күндіз Азаттық даңғылындағы №126 В үйде орналасқан үш гараж жанып кетті. Екеуінің іші бос болған, үшіншісінде ВАЗ-21213 маркалы көлік өртенді.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру