Көжемен байығысы келді

8 шілде 15:46 1105 рет қаралды

Шілденің аптап ыстығында күріштен жасалатын салқын көженің көп ішілетіні белгілі. Атырауда 3 көтерме сауда компаниясы өзара келісіп, күріш жармасының бағасын көтергісі келіпті. Бірақ уәкілетті орган құпия келісімді әшкере етті.

Атырау облысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің хабарлауынша, күріш жармасы нарығындағы бағаларға талдау жасалып, нәтижесінде бағаны жоғары деңгейде көтеру және ұстап тұру мақсатында көтерме компаниялардың құпия келісім жасағаны, яғни, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабының 1-тармағының 1-тармақшасында көзделген заң бұзушылық анықталды.

Нарық субъектілері анықталған заң бұзушылық туралы ескерту алып, ол сол бойда жойылды. Егер жыл ішінде компаниялардың іс-әрекетінен сол заң бұзушылық белгілері анықталса, олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны  ескертілді.

Мирас МҰСТАФАЕВ





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру