Денсаулық сақтау министрлігі өлім-жітім статистикасынан қалыс қалады

2 шілде 13:04 1252 рет қаралды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила БҰЙРАБЕКОВА онлайн-брифинг барысында Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған КВИ-дан көз жұму туралы ресми статистиканың неліктен облыстық денсаулық сақтау басқармаларының мәліметтерімен сәйкес келмейтіні туралы сұраққа жауап берді.

- Біз өлім-жітім туралы мәліметтерді өңірлік деңгейдегі сараптама комиссиясы осы жағдайларды анықтағаннан кейін жариялаймыз. Комиссия хаттамасы ұсынылған соң ақпарат береміз. Сондықтан өңірдегі мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда анағұрлым жаңа болады, - деді ол.

Осындай сәйкессіздіктер Атырау облысында да бар. Қазір денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында біздің өңірде 6 өлім тіркелгені көрсетілген, ал жергілікті билік соңғы брифингтердің бірінде 21 өлім болды деп мәлімдеген еді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА 





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру