Бұйрабекова ПТР-тестінің неге қымбат екенін түсіндірді

2 шілде 12:42 902 рет қаралды

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила БҰЙРАБЕКОВА онлайн-брифинг барысында ПТР тестілеудің құны неге қымбат екенін түсіндірді.

- Үкімет 1,2 миллион ПТР тестті сатып алуға 1 миллиард теңге бөледі. Осылайша, 1 тесттің бағасы 833 теңгеге шығады. Ендеше неліктен ПТР тестілеу құны 11-ден 20 мың теңгеге дейін? – деп журналистер сұрақ қойды.

- Біз ПТР-тест үшін ғана емес, тестілеу қызметі үшін де төлейміз. Оған осы қызметті көрсетуге қажетті шығыс материалдары да кіреді. Олар - 40-тан астам зертханалық өнімдер: ұштықтар, сынама алуға арналған зондтар, қорғаныс құралдары, жалақы, - деді Бұйрабекова

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру