Атырау облыстық ауруханасында 400 орындық инфекциялық стационар ашылады

29 маусым 18:06 676 рет қаралды

Медициналық мекеменің  барлық бөлімі басқа ауруханаларға ауыстырылатын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл туралы бүгін облыстық ауруханада өткен  пресс-тур барысында белгілі болды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бүгінде облыстық ауруханада 120 провизорлық орын, кардио орталықта 70 провизорлық кереует бар. Сонымен қатар, Геолог емханасында 100 провизорлық кереует дайындалуда. 

- Қалалық және қала маңындағы емханаларда 267 провизорлық орын ашу жоспары бар. Мұнымен қоса, біз облыстық ауруханадағы бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге өткізіп,  онда 400 орындық инфекциялық стационар  ашуды көздеп отырмыз, - деді Бақытгүл Хаменова.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында «пневмония»  диагнозымен 321 науқас тіркелген. Оның 82,3 пайызы  медициналық мекемелерге жатқызылды.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру