Тракторшының қазасы

10 маусым 23:22 1582 рет қаралды
Көрнекі сурет
9 маусымда Индер ауданындағы «ИндертұзКомпани» ЖШС-нің  бір жұмысшысы қазаға ұшырады. Оқиға өндірісте жұмыс уақытында болған. 

Оқыс бұрып қалғанда бір жағына жантая құлаған трактордың астында  жүргізушісі қалып қойған. Ауыр жарақаттарымен оны ауруханаға жеткізгенімен, ақхалаттылар құтқара алмады. Қазаға ұшыраған Индебор кентінің 58 жастағы тұрғыны. ҚР ҚК 156 бабы 3 бөлігімен («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру