Алматыдағы атыс: күдікті ұсталды

5 маусым 11:17 727 рет қаралды

Алматыда пышақ және қару қолданған төбелеске қатысқан тағы бір адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1994 жылы туған ер адамның ұсталғаны хабарланды.

"Атап айтқанда, ол 37 жастағы ер адамның аяғын пышақпен жаралаған соң қашып кеткен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, бұл факт "Қару және пышақ қолданып, бірнеше адам жасаған бұзақылық" қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатыр", -  деді Алмалы ауданы Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Еске салайық, Алматыдағы төбелес туралы кеше хабарланды. Екі адамның зардап шеккені айтылған болатын. Төбелеске қатысқан адамның біреуінің аяғы жараланған, ал сол маңнан өтіп бара жатқан адам оқ жарақатын алған.

Дереккөз: Polisia.kz 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру