"​Концлагерь сияқты". Сырқат балалар тұратын жабық интернаттардың ахуалы​". "Лукашенко елдегі өзіне қарсы "майданутый" халықпен күресуге дайын​". "Ауласынан 56 адамның сүйегі табылған кісі: ақ адамдардың елесі көрінетін​". "Бұлақтан шыққан дау". Өзбек-қыр

2 маусым 09:32 1401 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Сара Камеронның "Аштық жайлаған дала" кітабы қазақша жарық көрді. Автор мен аудармашы не дейді?» - Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың жеке қоры мамырдың 31-інде Қазақстанда атап өтілетін сталиндік репрессия құрбандарын еске алу күніне орай ашаршылық туралы Сара Камеронның қазақ жеріндегі ашаршылық туралы еңбегін қазақ тілінде басып шығарды. Азаттық бұл кітаптың тарихи маңызы, жаңалығы мен аудару мақсаты туралы жоба авторларымен сұхбаттасты.

"Концлагерь сияқты". Сырқат балалар тұратын жабық интернаттардың ахуалы» - Қазақстандағы жабық мекемелерде түрлі психоневрологиялық диагноз қойылған екі мыңнан аса бала тұрады. Оның жартысының әке-шешесі бар, қалғаны — ата-анасы бас тартқан, тастанды және жетім балалар. Құқық қорғаушы, Даун синдромымен туған бала өсіріп отырған Айгүл Шәкібаева былтыр мүгедектігі бар адамдарға арналған 20 арнаулы мекемені аралап қайтты. Оның алтауы — балаларға арналған орталық. Айгүл Шәкібаева Азаттыққа жабық интернаттар ішінде не көргенін баяндап берді.

STAN.KZ. «Бір ай бойы ән айтуға мәжбүрледі: Гаухар Әлімбекованың адвокаты істің мән-жайын түсіндірді» - Гауһар Әлімбекова тағы да дау астында. Жас кәсіпкер әншіні ақшамды бермей кетті деп айыптады. Алайда әншінің адвокаты істің неден ушыққанын түсіндірді.

"Бұлақтан шыққан дау". Өзбек-қырғыз шекарасындағы жанжал" - Қырғызстанның Баткен облысындағы Сох өзбек анклавында көрші елдімекендердің тұрғындары өзара жанжалдасып, бір-біріне тас лақтырды. Екі жақтан да бірнеше үй өртенді. Жарақат алғандар бар.

ZAKON.KZ. «Лукашенко елдегі өзіне қарсы "майданутый" халықпен күресуге дайын» - Белорус лидерінің "елдің жауы" дегені – "Лукашенкоға қарсы дауыс береміз" деп әр жерде митингке жиналып жатқан адамдар болса керек.

«20-ға толмаған жігіттер белсіздікке ұшырап жатыр» - Елімізде жиырмаға толмаған жігіттер де белсіздікке ұшырап жатыр. Импотенцияға шалдыққан ерлердің көбейіп жатқанын айтқан дәрігерлер, дабыл қағуда. Мамандардың сөзінше, белдегі әлсіздікке әсер ететін факторлар өте көп. Соның ішінде, жастардың спортқа уақыт бөлмей, ішімдік пен шылымға әуестігі алдыңғы орында тұр екен.

«Ауласынан 56 адамның сүйегі табылған кісі: ақ адамдардың елесі көрінетін» -Халқымыздың ұлт ретінде жойылып кете жаздағанын, 40-тан астам рудың шежіресі тоқтап, қазақтың жартысы тоталитаризм туғызған нәубеттен қырғын шеккенін бұған дейін де көрсеткен Еуразия бірінші арнасы бұл жолы саяси қуғын сүргін құрбандарының ұрпақтарын сөзге тартты.

NEGE. «АЛЖИР жүрегіңді ауыртады» - Кеңес одағының өз халқына жасаған қатыгездігі мен жауыздығының қара таңбасындай «АЛЖИР» ескерткіш кешеннің экспонаттары көрген жанның жүрегін ауыртады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ахмет Байтұрсыновқа жазған мақалалары үшін айыппұл салынған» - ХХ ғасырда қазақ даласында бірнеше ашаршылық болған. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, «Алаштану» орталығының директоры Светлана Смағұлова айтты.

EGEMEN.KZ. «КезБидегі» кикілжің: тараптар әділ шешімді күтуде" -  Бірден ашып айтсақ, мұнай саласына сервистік қызмет көрсететін «КезБи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Маңғыстаудағы мақтаулы компаниялардың бірі. Аталған компанияға жұмыс істеуге табанын бір іліктіруді армандап жүрген жан қаншама?! Өйткені серіктестік жұмысшыларының шұрайлы тұрмысы, уақытымен алатын жарытымды жалақысы қызықтырмай қойсын ба! Сөйткен үлгілі «КезБи» мекемесінде дау туды. Компанияның бір топ жұмысшысы мекеме алдында ереуілдетіп тұрған видео ел аралап кетті. Қолдарына ашулы сөздер жазылған плакаттар ұстаған жігіттердің алдына шыққан белсенді Мемлекет басшысына үндеу жолдайды.

«Мемлекеттік тіл: Естір құлақ есті болса...» - Бұқара мен билік арасының алшақтап кеткенін айқындаған шетін жағдайлар дер кезінде көпшіліктің тілінде диалог орната алмаған шенеуніктерге әжептәуір сын болғаны анық. Онсыз да оңалмай тұрған істі, қоғамның олқы тұсын қозғағанда мемлекеттік қызметшілерді мінеу азайған емес. Алайда ел ісін үйлестірер мемле­кетшіл тұлғаның мемлекеттік тілге келгенде мүлт кетуіне болмайды.

AIKYN.KZ. «Карантиндегі Ұлыбритания» - Ұлыбритания еліндегі пандемияның басталуына қысқаша тоқтап кетсем. 23-ші наурыз күні Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон: «Бүгін кештен бастап мен  Британ халқына өте қарапайым ғана «Әркім үйде қалуы тиіс», – қағидатты ұсынамын», – деп жариялаған болатын.

«Тұтыну себеті қашан тойдырады?»  - Ресми статистика деректері Қазақстанның тұтыну себетінің (корзина) құны 1997 жылдан бері жеті есе өскенін айтады. Десе де, қағаздағы есеп пен күнделікті өмірдегі көрсеткіш арасында айырма көп. Еселеп көбейген себет толы өнімнің күнкөріске толық жетіп, аузымыздан ақ май ағызып отырмағаны анық. Тұтыну себетінің құны қалай есептеледі және оның ішіне не кіреді?

Дайындаған Әлия Қайырова



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру