Мас күйінде көлік жүргізіп, бас бостандығынан айырылды

29 мамыр 13:21 1134 рет қаралды

Атырау қаласының №2 сотында осыған дейін 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған, соған қарамастан мас күйінде автокөлікті басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты. Бұл жерде айта кету керек, өткен жылдың желтоқсан айында Қылмыстық кодекстің 346 бабына түзетулер енгізіліп, бұл құқықбұзушылық жасаған адамға жаза мейлінше күшейтілді: 90 тәулік әкімшілік қамақтың орнына екі жылға дейін бас бостандығынан айыру белгіленген.   

Сотталушы ҚР ҚК 346 бабы 1 бөлігімен (Жүргізуші құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыпты деп танылып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру