Алматыда блок бекетті соққан ер адам полицияда 6 жыл жұмыс істеген – ІІМ

26 мамыр 10:13 710 рет қаралды

Алматыда блок бекетті соққан көлік жүргізушісі полицияда алты жыл қызмет еткен. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

"Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда алты жыл қызмет еткен. Өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін төрт рет сөгіс алған. Бұл оның ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылуына себеп болды. Соның өзінен ол сабақ алмады. Заңды бұзды және зардабының ауыр болатынын біле тұра, көлікке мас күйінде отырып, қылмыс жасады", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Екі және одан да көп адам өлтіру фактісі бойынша 1992 жылы туған ер адамға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады).

Қазір күдікті қамауға алынды.

Алматы блок бекетіндегі оқиға

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы Жаңа ғасыр мен Қожабеков көшелерінің қиылысындағы №4 блок бекетте BMW автокөлігінің жүргізушісі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Ережеге бағынбаған азаматтың ішімдік ішкені расталды. Ол Алатау ауданының тұрғыны болып шықты.

Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір полиция қызметкері ауруханада ауыр халде жатыр.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде блок бекетті соққан жүргізуші бұрынғы полиция қызметкері деген ақпарат тарады. Ал полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Дереккөз: Sputniknews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру