Атырау облысында Covid-19 індетінің жаңа ошағы анықталды

23 мамыр 16:08 2276 рет қаралды

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 857 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысының шұғыл штабы. 

Штаб мәліметіне сәйкес, бес науқас - Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. 

- Ал, тоғыз науқас - Жылыой орталық аудандық ауруханасының емделушілері.  Қауіпті дертке шалдыққандар арасында Аққыстау ауылының 1968 жылғы тұрғыны мен 1986 жылғы Атырау қаласының тұрғыны да бар, - дейді штабтағылар. 

ПТР диагностикалық  зерттеуінің нәтижесі бойынша  оларда Covid-19  анықталған. 

Байланыста болғандар мен  инфекция ошақтары анықталып, індет жұқтырғандар инфекциялық стационарға жатқызылды. 

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Оларға тиісті хаттамаларға сәйкес ем жүргізілуде. 

Осылайша, 2020 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 857 адамға жетті.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру