Атыраудағы карантин бюджет қаражатын қалай үнемдеді

23 мамыр 13:46 691 рет қаралды

22 мамырда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Азамат СӘЛІМБАЕВ бюджеттегі өзгерістер туралы баяндама жасады. Коронавирусқа байланысты қазіргі қиын жағдай бюджет қаражатын айтарлықтай «үнемдегені» жайында сөз қозғалды.

Атап айтқанда, мектеп оқушылары наурыз-мамыр айларында қашықтан оқығандықтан ыстық тағамға бөлінген қаражат 409 млн теңгеге, мемлекеттік қызметкерлердің іссапарына бөлінген қаржы 232 млн теңгеге, наурыз-мамыр айларындағы мерекелік шаралардың өтпеуіне байланысты 288 млн теңгеге, мемлекеттік сатып алу тендерлерінің тоқтатылуына байланысты 49 млн теңгеге үнемделді.

Үнемделген қаражат өңірдегі 9 балабақша құрылысына, аз қамтылған отбасылардың балаларына 150 компьютер сатып алуға, қыс мезгіліне дайындыққа, сондай-ақ Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығына жәдігерлер сатып алуға және Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Семей көшелерін абаттандыруға жұмсалады.

Сәуір айында карантин кезіндегі жұмысы үшін полиция қызметкерлерін ынталандыруға, медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге, аз қамтылған көп балалы отбасыларға баспана сатып алуға және т.б. мақсаттарға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру