Ғабдиев пен Бейбарыста жол жөндеу жұмыстары жанданды

23 мамыр 12:56 554 рет қаралды

Мамыр айында Атырауда Ғабдиев көшесі мен Бейбарыс даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары қайта жанданды.

Қала әкімінің орынбасары Ринат ЖАНҒЛЫШОВТЫҢ айтуынша, 2019 жылы жергілікті бюджеттен тиісінше 937,564 млн және 3 млрд 304 млн теңге бөлінген. Өткен жылы Ғабдиев көшесінде дайындық және геодезия жұмыстары жүргізілді, ал Бейбарыс даңғылында жұмыстардың көп бөлігі жасалған.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында Бейбарысты қалпына келтіру жұмыстарына қалалық еңбек биржасында тіркелген жұмыссыздар қатарынан адамдарды тарту жоспарланды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру