"ҚазМедиа" орталығының қызметкерлерін жаппай тестілеу басталды

23 мамыр 11:50 330 рет қаралды

Бүгін "ҚазМедиа" орталығының ғимаратында COVID-19 бойынша жаппай тестілеу басталды.  

Телеарналардың қызметкерлері үлкен залға жиналып, тест тапсырады.  

Естеріңізге сала кетейік, 18-20 мамырда "Еуразия" бірінші арнасының басшылығы тек өздерінің қызметкерлерін тексеруден өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Тестілеу барысында 2 адамнан індет анықталды. Жұқтырғандардың араласатын ортасы шағын болғанымен, Денсаулық сақтау министрлігі бәрібір де ҚМО-дағылардың барлығын тексеруге шешім қабылдады.  

Әріптестеріміздің  айтуынша, елде төтенше жағдай жарияланғаннан бері журналистер штаттық режимде жұмыс істеген. Бірақ бүгігі күнге дейін жаппай тестілеу өтпеген.

Дереккөз: BAQ.KZ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру