Жоғалған жасөспірім бала табылды

14 мамыр 23:17 1469 рет қаралды

Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз хабарламасындағы ақпаратқа сай, Қызылқоға ауданы Миялы селосының тұрғыны  15 жастағы ұлының үйінен шығып кетіп, оралмағанына 4 күн болды деп арызданған. Алдымен ата-анасы ол әдетінше Қарабау ауылындағы (Миялыдан 100 шақырым) атасына кетті деп ойлаған, бірақ онда бармапты. Сол бойда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жан-жақты  іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Көп ұзамай, полиция бөлімінің  учаскелік полиция инспекторы А.Сәрсенғалиев, анықтаушы О.Еламан, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Б.Байжан, Патрульдік полиция аға инспекторы Ж.Аманжолов және жедел уәкіл Ш.Наурызғалиевтардан құралған топ баланы Миялыдан 4-5 км жердегі далалықта тауып алған. Осы уақыт ішінде бала өзінің достарының үйінде қонып, күндіз далалықта "бой жазып" жүрген.

Қазір ол үйінде. Ювеналды полиция тобының инспекторлары, арнайы психолог мамандар  баламен сөйлесіп, ал полицейлер жасөспірімнің ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру