Атырауда есірткі саудагері ұсталды

2 мамыр 16:02 1303 рет қаралды

Көрнекі сурет

Атыраудың полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында есірткі сатумен айналысқан 48 жастағы қала тұрғынын ұстады.

- ҚР ҚК 297-бабының 2-бөлігі (есірткі заттарын ірі көлемде өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА. Тергеу соты ұсталған адамды екі айға қамауға алуға шешім шығарды.

Фархат Әбілов



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру